29 қазан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 31 қазанда болатын МЕУКАМ KZKD00001160 (MUM096_0012) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

29.10.24 15:26
/KASE, 29.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 31 қазанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00001160 (MUM096_0012) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 56 500 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 91,5859 % (кірістілігі – жылдық 13,00%) деңгейінде белгіледі. Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 31 қазанда болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 4,7 жыл МЕУКАМ KZKD00001160 (MUM096_0012) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1531575/ [2024-10-29]