ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
29.10.24 12:01
/KASE, 29.10.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN АҚ биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 700 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 96 270 дана;
- компанияның 385 080 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары
орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға Р.М. Байбактиева болып табылады.
[2024-10-29]