30 қазаннан бастап "Жайықмұнай" ЖШС USN97716AA72, US98953VAA08 (ZHMNe2) және USN64884AA29, US66978CAA09 (ZHMNe3) халықаралық облигациялары олардың эмитентінің бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылады

29.10.24 11:09
/KASE, 29.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2024 жылдың 29 қазанындағы шешімімен KASE ресми тізімінен " Жайықмұнай" ЖШС (Орал) келесі халықаралық облигациялары алынып тасталды: - USN97716AA72, US98953VAA08 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, ZHMNe2; $560,0 млн, 13.11.12 – 25.06.33, жарты жылдық купон, жылдық 9,50 %, 30/360); - USN64884AA29, US66978CAA09 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, ZHMNe3; $400,0 млн, 14.02.14 – 14.01.33, жарты жылдық купон, жылдық 9,50 %, 30/360). Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 30 қазанынан бастап күшіне енеді. Бұл шешім "Жайықмұнай" ЖШС-нің KASE ресми тізімінен көрсетілген облигациялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды. USN97716AA72, US98953VAA08 (ZHMNe2) облигациялары 2013 жылдың 04 сәуірінен бастап "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында. Олармен сауда-саттық 2013 жылдың 02 мамырынан бастап ашылды. USN64884AA29, US66978CAA09 (ZHMNe3) облигациялары 2014 жылдың 10 сәуірінен бастап "рейтингтік бағаланған борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында. Олармен сауда-саттық 2014 жылдың 02 маусымынан бастап ашылды. [2024-10-29]