29 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

28.10.24 17:48
/KASE, 28.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 қазанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 08 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, American Electric Power Company, Inc. (АҚШ) US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 08 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 қарашасынан бастап қайта басталады. [2024-10-28]