29 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

28.10.24 17:39
/KASE, 28.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 қазанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 27 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай акциялармен сауда- саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 27 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 29 қарашасынан бастап қайта басталады. [2024-10-28]