АҚ "Green Power Generation" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.10.24 16:06
/KASE, 28.10.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, АҚ "Green Power Generation" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 20 100 000 дана;
- компанияның 100 000 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Кристалл Менеджмент" АҚ болып табылады.
[2024-10-28]