"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.10.24 16:04
/KASE, 28.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 27 962 244 дана;
- компанияның 27 762 244 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2024-10-28]