"Kaspi Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.10.24 11:15
/KASE, 28.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 39 000 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана;
- банктің 19 500 000 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары
орналастырылған;
- банк өзінің 1 154 460 жай акциясын және 127 516 артықшылықты акциясын кері
сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға "KASPI GROUP" АҚ болып табылады, оның меншігінде
17 347 729 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан
94,56 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 86,74 %) бар.
[2024-10-28]