/KASE, 28.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған
баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
2024 жылғы 22 қазанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ "ВВВ" деңгейіндегі "Тұрақты" болжамында шетел және
ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін растады.
Рейтингті растау "Бәйтерек" холдингінің қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ
оның мемлекеттік даму институты ретінде әрекет ететін және мемлекеттің
экономикалық саясатын іске асыруда маңызды рөл атқаратын ұлттық
басқарушы компаниясы ретіндегі мәртебесін көрсетеді..
дәйексөздің соңы
баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық
нұсқасы орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_relizs_241024_1.pdf
[2024-10-28]