/KASE, 24.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 24 қазанынан бастап KASE ресми тізімінің
"халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына
Халықаралық қайта құру және даму банкінің мынадай халықаралық
облигациялары енгізілді:
- US459058LA95 ($5,0 млрд; 10.01.24 – 10.01.31; жарты жылдық купон,
жылдық 4,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – IBRDe5;
- US459058LF82 ($3,0 млрд; 10.04.24 – 10.04.31, жарты жылдық купон,
жылдық 4,50 %; 30/360), сауда-саттық коды – IBRDe6.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/IBRD/
[2024-10-24]