/KACC, 24.10.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 28 қазанынан бастап ішінара қамтамасыз ету
шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген
қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) мынадай
облигациялар енгізілетін болады:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS2914770545,
XS2914770974 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_23_3504)
халықаралық облигациялары;
2) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00012052 (KASE негізгі
алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb79)
облигациялары;
3) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011863 ("халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb52) облигациялары.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі
мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2024-10-24]