/KASE, 24.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 қазанынан
бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00011687 (KASE баламалы
алаңы, "облигациялар" санаты; MFRFb14; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 2 жыл;
ай сайынғы купон, жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы
ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасымен көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFRFb14/
[2024-10-24]