/KASE, 23.10.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы), KASE-ге 2024 жылдың 23 қазанындағы
мынадай баспасөз хабарламасын ұсынды:
дәйексөздің басы
"Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Кселл" немесе "Компания") (KASE,
KCEL) – Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы ірі ұялы байланыс
операторларының бірі, өзінің акционерлері мен инвесторларына Бас
техникалық директор, "Кселл" АҚ Басқарма мүшесі Кирилл Валерьевич
Страшенконың өкілеттігі қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартының
бұзылуына байланысты 2024 жылдың 31 қазанында тоқтатылатынын
хабарлайды.
1 қарашадағы жағдай бойынша "Кселл" АҚ Басқармасының құрамы келесідей:
1. Жамбакин Асқар Серікұлы – Бас атқарушы директор, Басқарма төрағасы;
2. Рахметов Сабигат Маратович – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры;
3. Шайхин Дәурен Мұхамедқалиұлы – Басқарма мүшесі, Корпоративтік
мәселелер жөніндегі бас директор;
4. Ибраев Данияр Қадылханұлы – Басқарма мүшесі, Бас қауіпсіздік
директоры;
5. Цой Ольга Вячеславовна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық
директор;
6. Амардинов Малик Алимжанович – Басқарма мүшесі, цифрлық даму
жөніндегі Бас директор.
дәйексөздің соңы
Толық ақпарат орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_231024_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_231024_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-10-23]