"Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00012370 (MFSLb7) облигациялары
баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша
KASE-де листинг процедурасынан өтті
22.10.24 10:28
/KASE, 22.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2024 жылдың 21 қазанында "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы)
KZ2P00012370 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 360 күн; 30/360) дисконттық
облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға MFSLb7 қысқартылған белгісі (сауда-аттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-10-22]