22 қазаннан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00012313 (MFSLb4)
және KZ2P00012339 (MFSLb5) облигациялары "таза" бағамен сауда-
саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
21.10.24 15:24
/KASE, 21.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
22 қазанынан бастап "Сейф-ломбард" ЖШС (Алматы) келесі облигациялары
"таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды:
- KZ2P00012313 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты,
MFSLb4; 1 000 теңге, 2,0 млрд.теңге; 15.10.24 – 15.04.26; тоқсандық
купон, жылдық 21,00 %; 30/360);
- KZ2P00012339 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты,
MFSLb5; 1 000 теңге, 2,0 млрд.теңге; 15.10.24 – 15.04.27; тоқсандық
купон, жылдық 21,00 %; 30/360).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2024-10-21]