KASE BI DEVELOPMENT Ltd. жеке компаниясының "Эмитент күнін"
өткізді
21.10.24 11:10
/KASE, 21.10.24/ – 2024 жылдың 18 қазанында Қазақстан қор биржасы
(KASE) "Эмитент" күні жобасы аясында BI Development Ltd. (бұдан әрі – BI
Development Ltd.) жеке компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу KASE-де BI Development Ltd теңгелік және долларлық
облигацияларының дебюттік шығарылымына және орналастырылуына
арналды.
Шараға спикер ретінде BI Development Ltd. қаржылық директоры Руслан
Ембергенов пен BI Development Ltd. корпоративтік қаржы және
қазынашылық бөлімінің басшысы Сәкен Әбілмәжінов қатысты.
Тұсаукесерге сонымен қатар андеррайтерлер консорциумының өкілдері
қатысты: "ЦентрКредит Банкі" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ
Корпоративтік қаржы департаментінің директоры Аманат Ысқақов,
Қазақстан Халық банкі еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Басқарма
төрағасының орынбасары Роман Асильбеков, "First Heartland Jusan Invest"
АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің басқарушы директоры Санжар
Оспанов.
BI Development Ltd. өкілдері компанияның нарықтағы 29 жылдық
жұмысының нәтижелері, Қазақстанда және шетелде жүзеге асырылып
жатқан жылжымайтын мүлік құрылысы жобалары, сондай-ақ
облигацияларды орналастырудан түскен қаражат есебінен жаңа
инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу жоспарлары туралы айтты.
[2024-10-21]