KASE Листингілік комиссиясы "Finsoft solution" ЖШС KZ2P00012412
(FSSLpp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
21.10.24 10:37
/KASE, 21.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 18 қазанында "Finsoft solution" ЖШС (Алматы)
KZ2P00012412 (1 000 теңге, 2,5 млрд теңге, 3 жыл; тоқсандық купон,
жылдық 22,00 %; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға FSSLpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-10-21]