KASE Листингілік комиссиясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ
KZ2C00012441 (INCApp5) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
21.10.24 10:34
/KASE, 21.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 18 қазанында "Интергаз Орталық Азия" АҚ
(Астана) KZ2C00012441 (1 000 теңге, 17 830,0 млн теңге, 10 жыл;
жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру күні анықталады;
30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға INCApp5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-10-21]