"Азиялық Несие Қоры" Микроқаржылық ұйымы" ЖШС KZ2P00011950
(MFCFb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты
бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
21.10.24 10:31
/KASE, 21.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 18 қазанында "Азиялық Несие Қоры"
Микроқаржылық ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00011950 (1 000 теңге, 2,0 млрд
теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360) облигациялары
KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 29 тамызында 6,0 млрд
теңге сомасына тіркеген "Азиялық Несие Қоры" Микроқаржылық ұйымы"
ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып
табылады.
"Азиялық Несие Қоры" Микроқаржылық ұйымы" ЖШС-нің қаржылық
кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы)
болып табылады.
Аталған облигацияларға MFCFb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
"Азиялық Несие Қоры" Микроқаржылық ұйымы" ЖШС қызметінің негізгі
бағыттары қаржылық қызметтер, экономиканың әртүрлі салаларын
қаржыландыру, инвестициялық қызмет болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-10-21]