"My Car Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00011968 (MFMCb2) облигациялары
негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
21.10.24 10:10
/KASE, 21.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 18 қазанында "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС
(Алматы) KZ2P00011968 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 2 жыл; жарты-жылдық
купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялары
KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
"MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық
банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 09 ақпанында 20,0 млрд
теңге сомасына тіркеген "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС-нің бірінші
облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады.
Аталған облигацияларға MFMCb2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-10-21]