21 қазаннан бастап KASE-де "МФО ОнлайнКазФинанс" АҚ-тың KZ2C00011906 (MFOKb21) және KZ2C00011914 (MFOKb22) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

18.10.24 15:36
/KASE, 18.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 21 қазанынан бастап KASE-де "МФО ОнлайнКазФинанс" АҚ-тың (Алматы) келесі облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды: - KZ2C00011906 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, MFOKb21; 1 000 теңге, 7,0 млрд теңге, 3 жыл; құбылмалы айлық купон, бірінші купондық кезең үшін жылдық 19,00 %; 30/360); - KZ2C00011914 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, MFOKb22; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге, 2 жыл; айлық купон, жылдық 19,00 %; 30/360). KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасымен көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/MFOK/ [2024-10-18]