18 қазаннан бастап бастап Қазақстан қор биржасында Johnson&Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық тоқтатылады

18.10.24 09:19
/KASE, 18.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 қазанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 26 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Johnson&Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 26 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 28 қарашасынан бастап қайта басталады. [2024-10-18]