KASE биржалық нарықтың 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы жұмысын қорытындылады

16.10.24 16:05
/KASE, 16.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың тоғыз айындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE-дегі жалпы сауда көлемі 290,8 трлн теңгені құрады және 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға немесе 7,5 трлн теңгеге өсті. - KASE индексінің мәні 23,5%-ға өсіп, 5 171,79 тармақты құрады. - Акциялар нарығының капитализациясы 17,8%-ға немесе 4,7 трлн теңгеге өсіп, 31,5 трлн теңгеге жетті. - 2024 жылдың басынан бері 69 эмитенттің 151 бағалы қағаздары KASE ресми тізіміне енгізілді, олардың 22-сі алғаш рет листинг рәсімінен өтті. - 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдеріне 256 эмитенттің 725 позициясынан тұратын мемлекеттік емес бағалы қағаздар енгізілді. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған: - https://kase.kz/files/press/ru/16_10_2024_Itogi_3q_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/16_10_2024_Itogi_3q_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/16_10_2024_Itogi_3q_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-10-16]