17 қазаннан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012206
(MFLGb2) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылатын болады
16.10.24 14:45
/KASE, 16.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 17 қазанынан
бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012206 (KASE баламалы
алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb2; 1 000 теңге, 600,0 млн
теңге; 11.10.24 – 11.10.25; ай сайынғы купон, жылдық 20,00%; 30/360)
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2024-10-16]