15 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Халықаралық қайта
құру және даму банкінің US459058HT33 (IBRDe4) халықаралық
облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды
15.10.24 09:30
/KASE, 15.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
15 қазанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні
2025 жылдың 14 қаңтарына және одан кейінгі күндерге келетін,
Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058HT33 ("халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, IBRDe4) халықаралық
облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың
14 қаңтарында көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін
тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2025 жылдың 16 қаңтарынан
бастап қайта басталады.
[2024-10-15]