/KASE, 15.10.24/ – пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде орналасқан, "Fixed Income USD" интервалды инвестициялық пай
қорының (ИИПҚ) басқарушы компаниясы болып табылатын "Фридом
Финанс" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 11 қазанында KZPF00000082 (FFIN_or)
пайларын ұстаушыларға 2024 жылдың үшінші тоқсанына дивидендтер
төленгені туралы KASE-ге хабарлады.
Берілген ақпаратқа сәйкес төлем сомасы 40 392 686,56 теңгені құрады,
дивидендтер төлеу үшін пай ұстаушылар тізілімін тіркеу күні – 2024 жылдың
30 қыркүйек.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffin_dividends_111024.pdf
[2024-10-15]