"KEGOC" АҚ акционерлері 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында KZ1C00000959 (KEGC) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

14.10.24 10:55
/KASE, 14.10.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) 2024 жылдың 11 қазанында өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - 2024 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдағы жағдай бойынша компанияның қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы компанияның таза пайдасын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін; - 22 684 120 787,20 теңге жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге бағытталады; - 12 481 329 212,80 теңге игеруге компанияның қарамағында қалдыж - 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына дивиденд мөлшерін бекіту – бір жай акцияға 82,40 теңге. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_special_shareholders_meeting_results_111024_7772.pdf [2024-10-14]