KASE MOEX акционерлерінің құрамынан шыққандығы туралы хабарлайды
11.10.24 15:17
/KASE, 11.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Мәскеу биржасы" ЖАҚ
(MOEX) KASE акционерлерінің құрамынан шыққандығы және 2018 жылдың
10 қазанында биржалар қол қойған Стратегиялық ынтымақтастық туралы
келісімге және онымен байланысты келісімдерге негізделген MOEX-пен
өзара қарым-қатынастардың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш негізінде KASE
Директорлар кеңесінің құрамынан 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап
MOEX өкілі – Владимир Крекотень шықты.
Осы уақиғаға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-ресурсында
жарияланды:
- https://kase.kz/files/press/kz/11_10_2024_KASE_MOEX_1kaz.pdf –
қазақ тілінде;
- https://kase.kz/files/press/ru/11_10_2024_KASE_MOEX_1rus.pdf –
орыс тілінде;
- https://kase.kz/files/press/en/11_10_2024_KASE_MOEX_1eng.pdf –
ағылшын тілінде.
[2024-10-11]