14 қазаннан бастап KASE-де Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
11.10.24 11:25
/KASE, 11.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 қазанынан
бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде
репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 21 қазанына және
одан кейінгі күндерге келетін Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE Global"
секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатыны туралы
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024
жылдың 21 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу
үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 23 қазанынан
қайта басталады.
[2024-10-11]