KASE 2024 ЖЫЛДЫҢ 05 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

10.10.24 11:32
/KASE, 10.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2024 жылдың 10 қазанындағы шешімімен "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес 2024 жылдың 05 қарашадан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі – Тізім) айқындалғаны туралы хабарлайды. Аталған шешімге сәйкес 2024 жылдың 05 қарашасынана бастап KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізім өзгеріссіз қалады. --------------------------------------------------------------------------------- # р/с Акцияның коды ISIN Эмитент Fi* Ri* үлесі* ----- ------------- ------------ -------------------------- ---- --------- ------ 1 AIRA KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ 42,0 1,0000000 7,4 2 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 40,4 1,0000000 9,1 3 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,5 0,3579103 15,4 банкі" АҚ 4 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 1,0000000 13,9 5 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ 15,0 1,0000000 3,9 6 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК" АҚ 3,0 0,9962024 15,9 7 KSPI KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ 30,5 0,0643977 12,2 8 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 25,0 0,2064471 15,4 9 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 19,1 1,0000000 4,9 10 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 2,0 --------------------------------------------------------------------------------- * Fi, Ri, үлес параметрлері 2024 жылдың 09 қазанындағы жағдай бойынша көрсетілген. Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2024 жылғдың 05 қарашасының басындағы Fi, Ri параметрлері, үлесі 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша акциялардың ағымдағы бағасына және еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептелетін болады. КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы. Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі. Fi – 01.07.24 жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 09.10.24 жағдай бойынша тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр. Доля – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-10-10]