01 қарашадан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ еншілес компаниясының су беру тарифі өзгереді

09.10.24 15:15
/KASE, 09.10.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 09 қазанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 1 қазанда тарифтердің күшін жою туралы 2024 жылғы 2 тамыздағы бұйрығының күші жойылды деп таныды. "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС (қатысу үлесінің 100% "ҚазТрансОйл" АҚ тиесілі) магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттелетін қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 19 маусымдағы бұйрығымен бекітілген болатын. Осы ретте 2024 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1 қазандағы бұйрығына сәйкес магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС орташа тарифі түзетіледі. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_091024_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_091024_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_091024_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-10-09]