/KASE, 09.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2024 жылдың 08 қазандағы шешімімен KASE ресми тізімінің "Халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына мынадай халықаралық
облигациялар енгізілді:
- Еуропалық инвестициялық банктің US298785JW79 ($4,0 млрд; 25.04.23 –
15.07.30; жарты жылдық купон, жылдық 3,625 %; 30/360), сауда-саттық
коды – EIB_e3;
- Азия Даму Банкінің US045167GD94 ($3,5 млрд; 06.03.24 – 06.03.29;
жарты жылдық купон, жылдық 4,375 %; 30/360), сауда-саттық коды –
ASDBe18.
Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 09 қазанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтемелер бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/EIB_e3/ және
https://kase.kz/ru/bonds/show/ASDBe18/
[2024-10-09]