"Интергаз Орталық Азия" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
08.10.24 10:07
/KASE, 08.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Интергаз Орталық Азия" АҚ биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 274 986 387 дана,
артықшылықты акциялар саны – 41 522 720 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға АҚ "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" болып табылады.
[2024-10-08]