/KASE, 08.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 04 қазанында "Сейф-
Ломбард" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларының баламалы алаңын
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады:
- KZ2P00012313 (MFSLb4; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 1,5 жыл; тоқсандық
купон, жылдық 21,00 %; 30/360);
- KZ2P00012339 (MFSLb5; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2,5 жыл; тоқсандық
купон, жылдық 21,00 %; 30/360);
- KZ2P00012362 (MFSLb6; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; құбылмадлы
токсандық купон, бірінші купондық кезеңге жылдық 21,00 %; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 08 қазанынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/MFSL/
[2024-10-08]