/KASE, 07.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 қазанынан
бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KZ2C00011542 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, IDFRb7; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 9 жыл
5 ай; бірінші купон – айналым басталған күннен бастап 1 жылдан кейін,
бұдан әрі – жарты жылдық купон, жылдық 13,15%; 30/360) облигацияларының
KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "лас"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/IDFRb7/
[2024-10-07]