АҚ "ForteBank" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
07.10.24 10:58
/KASE, 07.10.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, АҚ "ForteBank" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана;
- банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 1 934 434 197 акциялары кері сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде
82 229 736 260 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан
90,91 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 89,01 %) бар.
[2024-10-07]