/KASE, 04.10.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) листингілік комиссиясы 2024 жылдың 01 қазанында "Фридом Банк
Қазақстан" АҚ (Алматы) келесі облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар"
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00011898 (FFBNb2; 1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 7 жыл; инфляция
деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон; 30/360);
- KZ2C00011922 (FFBNb3; 1 000 теңге; 36,0 млрд теңге; 2 жыл; ай
сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360);
- KZ2C00011930 (FFBNb4; $100, $50,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу
қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 04 қазанынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/FFBN/
[2024-10-04]