KASE Листингілік комиссиясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ
облигацияларының үш шығарылымын "Жеке орналастыру" алаңы
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
04.10.24 17:30
/KASE, 04.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 04 қазанында "Интергаз Орталық Азия" АҚ
(Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00012326 (1 000 теңге, 14 850 000 000 теңге, 3 жыл; тоқсандық
купон, облигациялар орналастырылған күні анықталады, 30/360), сауда-
саттық коды – INCApp2;
- KZ2C00012342 (1 000 теңге, 6 405 240 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық
купон, жылдық 9,25 %; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp3;
- KZ2C00012359 (1 000 теңге, 5 594 760 000 теңге, 10 жыл; жарты жылдық
купон, жылдық 9,25 %; 30/360), сауда-саттық коды – INCApp4.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-10-04]