"Сейф-Ломбард" ЖШС облигацияларының үш шығарылымы
баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
04.10.24 17:19
/KASE, 04.10.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 04 қазанында "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы)
келесі облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2P00012313 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 1,5 жыл; тоқсандық купон,
жылдық 21,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFSLb4;
- KZ2P00012339 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2,5 жыл; тоқсандық купон,
жылдық 21,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFSLb5;
- KZ2P00012362 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; плавающий
тоқсандық купон, бірінші купондық кезеңге жылдық 21,00 %; 30/360),
сауда-саттық коды – MFSLb6.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 19 шілдесінде
100,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Сейф-Ломбард" ЖШС бірінші
облигациялық бағдарламасы шегінде екінші, үшінші және төртінші болып
табылады.
"Сейф-Ломбард" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес
ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-10-04]