07 қазаннан бастап "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС KZ2P00010408 (MFUCb5)
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылатын болады
04.10.24 17:00
/KASE, 04.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
07 қазанынан бастап "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00010408
(KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFUCb5;
$100, 2 2,0 млн; 01.10.24 – 01.10.25; тоқсандық купон, жылдық 10,00%;
30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ
доллары.
[2024-10-04]