/KASE, 04.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
07 қазанынан бастап "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС
(Алматы) KZ2P00011976 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты,
MFTFb4; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 25.09.24-25.09.29; жартыжылдық
купон, жылдық 14,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы
ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFTFb4/
[2024-10-04]