/KASE, 03.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KASE-ге
ұсынған 2024 жылдың 02 қазанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп
хабарланады:
дәйексөздің басы
2024 жылғы 2 қазан күні Sustainable Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-на "2" деңгейіндегі ESG рейтингін беріп,
жалпы ұпайы 63 болды.
Рейтингтік агенттіктің берген жоғары рейтинг "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ
дәйекті түрде жүргізетін прогрессивті экологиялық және әлеуметтік
саясаттың нәтижесі болып табылады.
Аталған ESG рейтингінің берілуі қаржы институтының корпоративтік
саясатының тиімділігін көрсетіп, сондай-ақ ESG қағидаттарын енгізу
бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес жүйелі жұмысты жалғастыруға
қосымша серпін береді.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық
нұсқасы орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/IDFR/idfr_relizs_021024_1.pdf
[2024-10-03]