/KASE, 01.10.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 27 қыркүйегінде "Ғарыштық
техника және технологиялар институты" ЖШС (Алматы) KZ2P00012115
(IKTTb1; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 3 жыл; жылдық купон, жылдық 17,00%;
30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 01 қазанынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/IKTTb1/
[2024-10-01]