Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011004 (EABRb50) облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылды
01.10.24 09:25
/KASE, 01.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
01 қазанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011004
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb50;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 09.04.24 – 01.10.24; actual/365) дисконттық
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2024 жылдың 29 ақпанынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 10 сәуірінен бастап ашылды.
[2024-10-01]