30 қыркүйектен бастап листингілік процедураларды реттейтін KASE ішкі құжаттарына түзетулер қолданысқа енгізіледі

30.09.24 16:44
/KASE, 30.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 27 қыркүйегіндегі шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді: - Листингілік ережелерге № 11 өзгертулер мен толықтырулар; - Листингілік алымдардың мөлшерін, мерзімдерін және төлеу тәртібін анықтау ережелеріне № 7 өзгертулер мен толықтыру; - Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелеріне № 6 өзгертулер. Бұл түзетулер 2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұдан басқа, көрсетілген күннен бастап KASE Басқармасының 2024 жылдың 12 қыркүйегіндегі шешіміне сәйкес Листингілік процедураларды жүзеге асыру тәртібіне № 6 өзгертулер қолданысқа енгізіледі. Түзетулер листингілік процедураларды, сондай-ақ листингілік талаптарды өзектендіру және оңтайландыру мақсатында енгізілді. Түзетулермен, оның ішінде мыналар көзделген: - басқа қор биржасында негізгі листингі бар бағалы қағаздарға қатысты жеңілдетілген листинг процедурасын қолдану кезінде KASE мойындайтын қор биржаларының тізбесін қалыптастыру тәртібін анықтады; - кейбір листингілік талаптар оңтайландырылған және нақтыланған, сондай-ақ рұқсаттама бастамашылары ұсынған эмитенттердің қаржылық есептілігіне қойылатын талап; - эмитенттің қалауы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілетін кез келген бағалы қағаздар бойынша алдын ала қорытынды беру көзделген; - бағалы қағаздардың және/немесе олардың эмитентінің Листингілік ережелерде белгіленген листингілік критерийлерге және/немесе құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру мерзімі KASE ресми тізіміне бағалы қағаздарды толық процедура бойынша енгізген кезде – 10-нан бес жұмыс күніне дейін қысқартылды. Бұдан басқа, аталған құжаттардың мәтіндеріне процедуралық және редакциялық түзетулер енгізілді. Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Листинг" қалташасы). [2024-09-30]