/KASE, 30.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 қазанынан
бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) KZ2P00011729 (KASE баламалы алаңы,
"коммерциялық облигациялар" санаты, MFSLb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге;
2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де
сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFSLb3/
[2024-09-30]