30 қыркүйектен бастап "First Heartland Jusan Invest" АҚ Еуразиялық
даму банкінің KZ2D00010766 (EABRb43) және KZ2D00011863 (EABRb52)
облигациялары бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесі берілді
27.09.24 17:57
/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап "First Heartland Jusan
Invest" АҚ (Астана) өтініші негізінде Еуразиялық даму банкінің мынадай
облигациялары бойынша KASE-ге маркет-мейкер мәртебесі берілді:
- KZ2D00010766 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EABRb43);
- KZ2D00011863 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EABRb52).
[2024-09-27]