"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00012227 (BRKZb40) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

27.09.24 17:33
/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстанның Даму Банкі" (Астана) KZ2C00012227 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 10 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2023 жылдың 27 қазанында жалпы сомасы 500,0 млрд теңгеге тіркелген "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде жетінші болып табылады. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады. Аталған облигацияларға BRKZb40 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2024-09-27]