30 қыркүйектен бастап KASE-де Texas Instruments Inc US8825081040 (TXN_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

27.09.24 16:24
/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 қыркүйегiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 31 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Texas Instruments Inc. (АҚШ) US8825081040 ("KASE Global" секторы, TXN_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 31 қазанына көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 04 қарашасынан бастап қайта басталады. [2024-09-27]