30 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында US5951121038
(MU_KZ) Micron Technology, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылды
27.09.24 16:22
/KASE, 27.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 30 қыркүйегiнен
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін
репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 07 қазанына және одан
кейінгі күндерге сәйкес келетін, Micron Technology, Inc. (АҚШ) US5951121038
("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 қазанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 қазанынан бастап
қайта басталады.
[2024-09-27]